Bugin

Желіде ер адамның жалаңаш жүгірген видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкентте көшедегі өсімдіктерді суаруға арналған субұрқақта жүгірген жалаңаш ер адам ұсталды. 

Полиция әлеуметтік желідегі видеоны бақылау арқылы азаматты анықтады.

Жалаңаш ер адам Төле би көшесінің бойындағы жолдың дәл қасында шомылған.

Тәртіп сақшылары азаматты анықтады. Ол қазіргі уақытта тұрақты тұрғылықты жері жоқ 50 жастағы азамат болып шықты.

Оның үстінен ӘҚБтК-нің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.