Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары мен жоғалған азаматтың туыстары жұмылған.
"Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр.Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Таңғы уақытта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде.
Сонымен қатар аталған аумақты дронмен бақылау да қолға алынды.