Weekend
Жүгір Форрест, жүгір!
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Жазушы Уинстон Грумның романы бойынша Роберт Земекис түсірген «Форрест Гамп» фильмі әлемдік кинематографтың алтын қорына енген классикалық туынды. Алты «Оскар» премиясының иегері, көптеген жылдар бойы үздік фильмдер қатарынан түспей келеді.
Киноның желісі
Форрест Гамп – ашық, адал, мейірімді, аңқау жігіт. Ол саябақтағы орындықта отырып, қасында отырған адамның бәріне өз өмірін баяндап отырады. Оның өміріндегі әрбір оқиға ерекше. Форресттің (басты рөлді әйгілі Том Хэнкс ойнаған) ақыл – есі сәл кемдеу және бала кезінде аяқтарының әлсіздігіне байланысты, арнайы ортопедтік аяқ киім киген. Осының бәріне қарамастан, анасы оған ешкімнен кем еместігін айтқан.
Форрест мектепке барған кезде Дженни деген қызбен танысып, достасады. Кейін колледжге түсіп, сол жерде оның спортқа бейім екені байқалады. Осылайша американдық футбол бойынша колледж құрамасына кіреді.
Ер азамат ретінде әскери борышын өтеуге кетеді. Әскерде Вьетнам соғысына қатысып, батыр атанады. Әскер біткеннен кейін, креветка аулаумен айналысып, үлкен корпорацияның иесі болады. Бірақ оған байлық та, атақ та қажет емес. Оған Дженнидің махаббаты керек. Алайда қыз ержетіп, үлкен махаббатты аңсайды.
Фильм нені насихаттайды?
Форрест қандай істі қолға алмаса да, бәрі сәтті аяқталады. Себебі неде? Себебі оның мінезінде. Ол қарапайым, ашық, мейірімді. Арам ойы жоқ. Жамандық, зұлымдық, қастандық деген нәрселерді білмейді. Досқа адал. Бейтаныс адамдардың өзіне де көмектесуге дайын тұрады. «Америкаkық арманға» қол жеткізсе де, жақсы мінезі мен анасының бойына сіңіре білген өмірге төзімділігінің арқасында тек өз өмірін ғана емес, көп адамyың өмірін өзгертеді.
P.S. Материалдық құндылық билеген заманда бір сәтке болсын тоқтап, өмірдің мәні туралы ойланғанымыз жөн. Өмір қатал. Бойын шынайы қасиеттер мен шынайы сезімдерге толтыра білген адам ғана оған қарсы тұра алады. Қарапайым, шыншыл, адал, ашық, мейірімді болыңыздар.