Bugin

Риддерде бір апта бұрын жоғалған әйелдің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен әйелдің денесі өзен жағасынан табылды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 шілде күні 46 жастағы әйел адам үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

31 шілдеде жоғалған әйелдің апайы полицияға хабарласып, көмек сұрады. Бірден тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріскен.

Полицейлерге жергілікті волонтерлер де көмекке келді. Алайда оны бірден табу мүмкін болмады.

"Тамыз айының 1-і күні, жоғалғанына тура бір апта өткенде Риддер қаласы тұрғынының денесі Журавлиха өзенінің жағасынан табылды. Қазіргі уақытта оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Қалған ақпаратты заң бойынша жария етуге тыйым салынған", - делінген ақпаратта.