Bugin

Электрсамокаттан құлаған жігіт бүйрегінен айырылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Электрсамокаттан оңбай құлаған жігіт бүйрегінен айырылды. 

Оқиға Новороссийскіде болған. 21 жастағы жігіт электрсамокаттан құлап, белін жарақаттап алған. Кейін №1 қалалық ауруханаға түскен.

Дәрігерлер зардап шегушіде ішкі ағзадан қан кету белгілері барын анықтаған.

Тексерулер барысында, жігіт электрсамокаттан құлаған кезде сол жақ бүйрегі екіге бөлініп кеткені белгілі болған.

Органды қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, бүйректі алып тастауға тура келген. Операциядан кейінгі кезең бірқалыпты өткені, қазір жігіт үйіне шығарылғаны айтылды.