Bugin

Оралда су қоймасында қайық аударылып, 20 жасар жігіт көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Орал қаласында су қоймасында қайық аударылып, жас жігіт көз жұмды. 

Қайғылы оқиға 6 тамыз күні Желаев кентінде «Арна» демалыс аймағында болған. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Карьер» су қоймасында 6 тамыз күні сағат 19.15-тен бастап жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол қайықпен серуендеу кезінде суға батып кеткен. Достарымен бірге демалған жігіт ішімдік ішпеген. Іздестіру жұмыстары 7 тамыз күні таңғы сағат 07.00-де қайта жалғасты. 20 жастағы жігіттің денесі сағат 09.12-де табылып, судан шығарылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Демалыс күндері өңірде 5 адам суға кетсе, соның үшеуі – жасөспірім.

Облыста аптап ыстықтың жалғасуына байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау керегін еске салады. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысындағы жекеменшік демалыс орнында жасөспірім суға түсіп қайтыс болды.