Bugin

Медбикені жұмыс орнында пышақтап өлтірген: Қылмыскер шындығын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы тілшісі polisia.kz сайтын сілтеме жасап.

7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Қошмамбет ауылының тұрғынын анықтап, оны бір сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция.

Ұсталған азамат әйелге  жұмысына қатсыты себеппен емес, жеке мәселені шеше алмағандықтан пышақ сұққанын айтқан.