Bugin

Көкшетауда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Көкшетауда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан көз жұмды.

ҚазАқпарат мәліметінше, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 тамызда сағат 19:40-та Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Қарасай тас жолының Дмитриев көшесімен қиылысар тұсында жол апаты болғаны туралы хабар түскен.

Анықталғандай, Toyota Camry көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Kawasaki мотоцикліне жол бермеген. Салдарынан жол-көлік оқиғасы болып, мотоцикл басқарған 45 жастағы ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сонымен бірге, автокөлік Көкшетау қаласындағы мамандандырылған автотұраққа қойылып, бірқатар сараптама тағайындалды", - деді ведомстводан.