Bugin

Оралда кәсіпорыннан ақша ұрлағандар видеоға түсіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оралда кәсіпорыннан ақа ұрлағандардың әрекеті видеоға түсіп қалды.

14 тамызда түнгі 01:11 кезінде Орал полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз біреулердің қаладағы кәсіпорындардың бірінің ғимаратына кіріп, 59 жастағы күзетшіге қатысты күш қолдана отырып, ішінде 30 мың теңге көлемінде қаржы салынған темір сейфті көтеріп алып кеткені жөнінде хабар түскен.

Одан әрі қылмысқа барғандар кәсіпорын ғимаратының ауласында тұрған Largus автокөлігіне отырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Автокөлік және сейф қаладағы көшелердің бірінен табылды. Сейф ашылып, ішіндегі ақша қылмыскерлердің қолында кетті.