Bugin

Елімізде көлік салығы бойынша құзырлы органдар рейдке шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік құралдары үшін салық берешегін өндіріп алу бойынша "Борышкер" жедел-алдын алу іс - шарасы өткізіп жатыр.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш іс-шара Астана қаласының полиция басқармасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы 2,1 млрд теңгені құрайды.

Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 97 млн теңге өндірілді.

Іс-шараларды өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ден асатын 20-дан астам көлік айыппұл тұрағына қамалды.

Алдағы уақытта іс-шара жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасатын болады.

Бұл ретте kgd.gov.kz сайтының және "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшалары мен екінші деңгейдегі банктер көмегімен қарызды тексеруге болады.

Астана қаласы бойынша МКД салықтар бойынша берешегі 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын автокөлік иелерін жеке сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша қолайсыздықтарды болдырмау үшін салық берешегін толық өтеуге шақырады.