Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Құтқарушылар бүгін 12:25 минутта 25 жастағы адамның денесін судан алып шықты. Сонымен әзірге суға батып кеткен 11 адамның 9 –ның денесі табылды. Қазіргі кезде 2 кәмелетке толмаған жасөспірім іздестірілуде.
Еске салайық, қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған. Суға кеткендердің барлығы 4 ағайындының отбасы мүшелері, олар тыйым салынған жерге шомылуға барған деген ақпарат тарады. Кейіннен Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім оқиғаның қалай болғанын хабарлады.