Bugin

Өртеніп жатқан орманнан 26 адамның денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Грекияның Александруполис қаласының солтүстік-шығысында, Түркиямен шекаралас жерде жанып жатқан Дадиас орманынан 26 мигранттың денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті Newsit.gr ақпараттық порталы хабарлады.

Айта кетсек, Дадиас орманы үшінші күн қатарынан өртеніп жатыр. Бұған дейін Грекияның өртке қарсы қызметі өртеніп жатқан орманнан 18 мәйіттің табылғанын хабарлаған болатын. Полиция тергеуді бастады.

Өрт сөндіру қызметі өрт басталған кезде Дадиас ауданындағы тұрғындардың ұялы телефонына жедел эвакуация туралы хабарлама жіберілгенін айтты. Жергілікті тұрғындардың жоғалғаны туралы хабар болмағандықтан, құқық қорғау органдары мәйіттер мигранттарға тиесілі деп есептейді.

Еске салайық, Грекияда 700 босқын мінген кеме апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған едік.