Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Польшада Украина шекарасына жақын елдің оңтүстік-шығысындағы Жешув қаласында "легионерлер ауруы" деп аталатын бактериялық инфекцияның өршуіне байланысты 14 адам қайтыс болды және 150-ден астамы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті билік легионеллез қоздырғышының қаланың су құбырына кірген-кірмегенін тексеріп жатыр, бірақ нақты дерек жоқ, дейді.
"Біз ештеңе таба алмадық. Себебі қала Украинамен шекарада орналасқандықтан және осы елге қару-жарақ жеткізу үшін маңызды көлік торабы болғандықтан билік алдын алғысы келді", - деді Польша арнайы қызметінің өкілі Станислав Жарын Polsat телеарнасына.
Осы аптаның басында Жарын инфекцияның неден пайда болғанын тергеуге поляк барлау қызметінің өкілдері қатысатынын растады.
"Біз оның неден пайда болғанын іздеп жатырмыз. Қазіргі уақытта ыстық және салқын су құбырлары желісін тексеріп жатырмыз", - деді Адам Сидор өңірлік санитарлық бақылау қызметінен.
Осы уақытқа дейін алынған 105 су сынамасының алғашқы 18 сынамасынан легионеллез бактериялары табылды.
"Әзірге бұл бізге жұқтыру көзі су құбыры екенін айтуға мүмкіндік бермейді. Алдағы күндері белгілі болады", - деді Сидор.
Денсаулық сақтау органдары өкілдерінің айтуынша, ауруды тудыратын бактерия Жешув қаласында және оның айналасында 113 пациенттен табылған. Қайтыс болған жеті адам 64 пен 95 жас аралығында және олардың басқа да аурулары болған.