Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Шымкентте құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті. Оқиға Сайрам тұрғын алабында болған.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді.
Қалалық ауруханадан "112" құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштың құбырына тартып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Ата-аналардың айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған.
Төтенше жағдай қызметкерлері баланы наркоз арқылы ұйықтатып, қолын еттартқыштан шығарған.
"Қазіргі таңда бүлдіршін №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр", - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ төтенше жағдай қызметкерлері ата-аналарды балаларын назардан тыс қалдырмауға шақырады.