Bugin

Депутат "қазақ арқылы байыған" Шодиев пен Машкевичке шүйлікті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ism.kz

Депутат Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысының халқы жасанды көмір тапшылығын көруі мүмкін екенін айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме беріп.

Депутаттың айтуынша, жылу маусымы басталысымен, Ұлытау облысы - көмір тапшылығын қатты сезінетін аймақтардың бірі. Іргесінен газ магистралі өтіп жатса да, облысқа қарасты елді мекендердің тұрғындары 100% көмір тұтынуға мәжбүр.

Дегенмен биыл "Шұбаркөл Көмір" АҚ ішкі нарыққа көмір босатпайтыны жөнінде хабарлама жасаған. Осылайша, тұрғындар аймақта ірі көмір бассейні бола тұра, жасанды көмір тапшылығымен бетпе-бет келуі мүмкін. 

"Іргедегі Арселордың тірлігі қайғы жұттырып отырғанда, халықтың несібесін аузынан қағып отырған Шодиев пен Машкевичтің ойлағаны не? Бұл қазақты қорлау ма, әлде үкіметке көрсетілген доқ па?" - дейді депутат Сатыбалдин.

Мысалы,  "Шұбаркөл Көмір" АҚ деректері бойынша 2022 жылы көмірдің өте үлкен көлемі Шұбаркөл Көмір қимасына жақын станциялардан (70,6 мың тонна) және Жаңа Қарағанды теміржол станциясынан (206,1 мың тонна) кері экспортқа шыққан. Сонымен қатар 2023 жылдың қаңтар - мамыр айларында Жаңа Қарағанды станциясынан халыққа арналған Шұбаркөл көмірінің шамамен 37,5 мың тоннасы экспортталған.

"Бірақ биыл жылыту маусымында қимада көмір алып кету пунктін жабу туралы шешім қабылданған. Бұдан халық арасында үлкен резонанс туды. Сондықтан облыс тұрғындары "Шұбаркөл Көмір" АҚ-да бөлімде алып кету пунктін ашуды талап етіп отыр", - дейді депутат.

Жоғарыдағы жайттарды ескере келе, депутат вице-премьер Роман Склярдан:

- "Шұбаркөл", "Жалын" көмір орындары Ұлытау облысы тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету мақсатында көмірді босатуды жылу маусымы бойынша үзіліссіз ұйымдастыруына;

- Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының ауылдық елді мекендеріндегі әлеуметтік маңызы бар нысандар (әкімдік, мектеп, ауруханалар, балабақшалар тб.) үшін көмір босатуға және тасымалдауға ықпал етуді сұрайды.