Bugin

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: inbusiness.kz

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев "Олимпизм 365" халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта сайланды.

Olympic.kz жазуынша, ХОК президенті Томас Бах тиісті хатпен ҚР ҰОК-ті хабардар етті.

"Осы жылға арналған ХОК комиссияларының құрамын төрағалар қарап, мен сізді "Олимпизм 365" ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындауға шешім қабылдағаныма қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосқан құнды үлесіңіз үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Тимур Құлыбаев 2022 жылдан бастап "Олимпизм 365" ХОК комиссиясының мүшесі. 

Сондай-ақ ол 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Ұлттық олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Атқарушы комитетінің мүшесі.