Bugin

СҚО-да бес адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gdekartinki.ru

Солтүстік Қазақстан облысында суға шомылу маусымы аяқталды. Биыл бес адамның қазасы судан болды, тағы 39 адамды құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуат Махметовтың айтуынша, биыл Қазақстанда жаз мезгілінде 177 адам, соның ішінде 53 бала қаза тапты. СҚО құтқарушылары оқыс оқиғалардың алдын алу үшін халық демалуға көп баратын көлдерде кезекшілік атқарды. Нәтижесінде 39 адамның, соның ішінде 3 баланың өміріне араша түсті. Бірақ өңірдің өзен-көлдерінде 5 адам суға кетті.

"Біздің мақсатымыз халықты барынша хабардар ету болды. Суға шомылу маусымы барысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 84 брифинг өтті. Көптеген мақала және телеарналарда бейнематериалдар жарыққа шықты. Бұдан басқа 5 мыңға жуық рейд ұйымдастырылды. ТЖД мамандары мен полицейлердің біріккен алдын алу рейдтері өтті. Қоғамдық орындарда болу тәртібін бұзғаны үшін 502 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа ортақ су пайдалану тәртібін елемеген 303 адам жазаға тартылды", - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қуат Махметов.