Bugin

Қарағандыда мұғалім мектеп оқушыларын өтірік айтуға мәжбүрлеген (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: t.me/qumash_kz 

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы мұғалімнің даулы мәлімдемесіне байланысты жаңа видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қыркүйекте әлеуметтік желіде Қарағанды облысының тарих пәнінің мұғалімі Игорь Жариковтың видеосы тарады. Оқытушы №5 мектептің 11-сынып оқушыларына жыл бойы "Патриотизм және жаһандық құзыреттілік" пәні оқытылмағанын айтқан. Мұғалімнің сөзінше, мектеп оқушылары бұл пәнді оқығаны туралы айтуға мәжбүр болған.

Облыстың білім басқармасы өкілдері видео пайда болғаннан кейін прокуратура органдары бұл дерек туралы бұрыннан білетінін айтты.

Қарағанды білім басқармасы өкілі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

"Қарағанды қаласының білім бөлімі №5 мектептегі жағдай арнайы құрылған комиссия жұмысы аясында зерттеліп жатқанын хабарлайды. Сонымен қатар сынып жетекшінің педагогикалық этиканы бұзғаны үшін іс-әрекеттеріне баға беріледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Виедоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.