Bugin

Қазақстандықтардың меншігінде қанша жеке ұшақ пен яхта бар

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: drikus.club

Жағдайы жақсы қазақстандықтар 490 яхта мен 248 жекеменшік ұшаққа иелік етеді екен. Мұндай деректер Ашық НҚА сайтында жарияланған Салық кодексінің консультативтік құжатында көрсетілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұлттық экономика министрлігі жариялаған құжатқа сай, яхта мен ұшақтар тек белгілі тұлғалардың меншігінде бар екен. Мәселен, 490 яхта жеке тұлғалардың иелегінде болса, 176 яхта заңды тұлғаларға тіркелген. Ал 248 ұшақ жеке тұлғаның меншігінде болса, 665 ұшақ заңды тұлғаларда екен.

Бүгінгі таңда заңда қымбат мүлікке салынатын салық әлі енгізілмеген. 

Ал жаңа салық кодексі 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі керек. Бұл кодекске қымбат дүние-мүлікке арналған салықты да қоспақшы.