Bugin

Алматыдағы метро стансасында жиналған адам халықты таңғалдырды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Видеодан кадр

Алматыда әр күні кешке Бауыржан Момышұлы және Абай даңғылының қиылысында орналасқан "Бауыржан Момышұлы" бекетінде адам қарасы тым көп болады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде кешкі сағат 18:00 мен 20:00 аралығында түсірілген видео тарады. Абай даңғылындағы автобус аялдамасының жанында батыс бағытта көптеген қала тұрғыны жиналған. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл көпшілікті аялдаманың дәл жанында орналасқан метро жолаушылары деп болжады.

Ведомство мұндай халықтың ағыны қарбалас уақытта салыстырмалы түрде ұзақ уақыт жалғаспайтынын айтты.

"Көлік холдингінің байқау жүйесі бойынша кептеліс кезінде бұл учаскеде автобус күту уақыты 10-15 минут. Содан кейін автобустар келіп, жолаушылар әрқайсысы өз бағыты бойынша жүреді. Көлік холдингіне жолаушылар ағынын талдап, тиісті шара қабылдау үшін учаскелерді анықтау тапсырылды", - деді басқарма.

Сондай-ақ, талдау нәтижелері бойынша маршруттар күшейтілуі мүмкін.