Bugin

Алматы облысында өзіне қол салмақ болған баланың анасы тың деректерді айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан кадр

Алматы облысы Бесағаш ауылында өзіне қол салған баланың анасы кей деректер айтты. Оның сөзінше, ұлы әбден шошып қалған, тамақ ішпейді екен. Мектеп директоры баланың қорлық көргенін жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Оқушы суицид жасамақ болып бір уыс дәрі ішкен. Бала хат жазып, онда өзіне күн көрсетпейтін ұлдардың есімін атапты. Ал анасы Әсем Биғалиева баласын қазір үйінен шығармайды екен. 

“Киіміне дейін жыртқан. Бір сөзбен айтқанда, сыныптастары әбден мазақ қылған. Оның айтқанына ешкім сенбегендіктен, қысымға шыдамай дәрі ішкен. Жексенбі күні ауруханада болдық. Қазір балам шошып қалған. Ешкіммен сөйлеспейді. Тамақ ішпейді. "Анашым, ешқайда кетпе" деп жалынады. Прокуратура, полицияға жазған арызымды қайтарып алу үшін директор ақша ұсынды. "200 мың теңге беремін" деді. Бірақ мен бас тарттым”, – дейді Әсем Биғалиева. 

Ал Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №29 мектеп директоры баланың дәретханада қорлық көргенін жоққа шығарып отыр.

“Бала атын атап отырған екі баладан да сұқбат алдық. Балалар ондай жағдай болған жоқ деп отыр. Сонан кейін мектеп бейнебақылау камераларын қарадық. Үшеуі бірге әжетханаға кірген емес. Үшеуі бірге кіріп кетсе, камерадан көрінер еді ғой. Өзінің бірге оқитын 4-сыныптың екі баласы деп атап тұр. Бірақ дәлел жоқ боп тұр”, – дейді Бесағаш ауылы №29 мектептің директоры Назым Сәрсенбаева.