Bugin

Елімізде көлік салығы жойылатыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: inbusiness.kz

Елімізде көлік салығы болмауы мүмкін. Бұған қатысты бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр, деп хабарлайды  bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

 Биыл 90,5 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған.

"Елімізде көлік салығы жойылуы мүмкін. Бұл - салық мүлдем төленбейді деген сөз емес. Кім көлікпен көп жүрсе, салықты да көбірек төлейді. Қазір министрлікте көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Қазынаға көлік салығы арқылы жылына 80 миллард теңге кіріс түседі. Шамамен, 5 миллион тонна мұнай өнімдерін пайдаланамыз. Егер заң жобасы мақұлданса, жанармай бағасы 14 теңгеге қымбаттайды. Айта кетейік, ол тек қозғалтқыш көлемі 3,5 немесе 4 литрге дейінгі көліктерге жарамды болуы мүмкін",- деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі біршама азаюы мүмкін. Жоспар бойынша, жыл соңына дейін 90,5 миллион тонна мұнай өндірілуге тиіс болған. Бірақ 8 айдың қорытындысына сәйкес, жоспар орындалмауы мүмкін. Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жыл соңына дейін белгіленген көрсеткішке жетуге тырысатындарын айтты.