Bugin

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: © atpress.kz

Атырауда жоғалған ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство берген мәлімлетке сәйкес, 10 қыркүйекте достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған, 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың денесі Жайық өзенінен 13 қыркүйекте сағат 9:30 шамасында, балық аулады деген жерден 50 метр қашықта табылды.

Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.