Bugin

Шымкентте жоғалып кеткен 8 жасар баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: celes.club

Шымкентте жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, түскі ауысымда оқитын 2-сыныптың оқушысы күнде таңертең футболдан жаттығуға баратын болған.

"Әдеттегідей балаларды таңғы 8:00-де арнайы автобус алып кету қажет болған. Алайда жеткіншек сол көлікке үлгермей, спорт үйірмесіне дейін өз бетінше жаяу жетуді ойлаған. Осылайша белгісіз жаққа бағыт алып, қала көшелерінде адасып кеткен", - делінген хабарламада.

Бұл туралы баланың әкесіне жаттықтырушы хабарласып, оқушының дайындыққа неге келмегенін сұрағанда ғана білген.

"Жоғалған баланы іздеуге Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді. 1 сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршінді учаскелік полицей үйінен 5 шақырым жерде адасып жүрген жерінен тапты", - деді полиция бөліміндегілер.

Полицейлер баланы аман-есен әкесіне тапсырған..