Bugin

Алматылық әйел қоғамдық көлікте 180 мың теңгесін ұрлатып алды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: polisia.kz 

Алматы қаласында 33 жастағы әйел 180 мың теңгесінен айырылып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Күдікті 33 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Ұрлық қоғамдық көлік салонына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. "Ізін суытпай" ұсталған күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындады. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.