Bugin

Алматыда грек-рим күресінің аңызына айналған балуан ер адамды соққыға жыққан (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Бейнежазбадан скриншот

Грек-рим күресінен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Алмат Кебіспаев ер адамды соққыға жықты деген күдікке ілінде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Балуан сауда орталығында өзге азаматы соққыға жыққаны бейнежазбаға түсіп қалған.

Алматы полиция департаментіне 6 қыркүйекте Бостандық ауданының полиция басқармасына 37 жастағы ер адам 36 жастағы ер адамға дене жарақатын келтіргені келіп түсті.

Айтуларынша, балаларының арасындағы түсініспеушілік кикілжіңге себеп болған.

"Бұл факт ӘҚБтК-нің 73-1-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша тіркелген. М.-ның дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамалық зерттеу қорытындысын алғаннан кейін материал Алматы қаласы бойынша СМАС-қа жіберіледі", – деп хабарлады полиция.