Bugin

Текеліде депутаттар жер салығын заңсыз көтерген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pixabay.com

Текелі қалалық мәслихатының депутаттары жер салығын 20%-ға арттыру туралы 2 қаулы қабылдаған. Салдарынан Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа артығымен ақша төлеткізген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ulysmedia.kz мәліметінше, прокуратура депутаттар шығарған шешімнің күшін жойып, қабылданған құжаттарды заңсыз деп тапты.

"Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады ("Құқықтық актілер туралы" Заңының 35-1-бабы). Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Сонымен қатар жергілікті өкілді органның шешімдері әділет органдарында тіркелмеген, сәйкесінше заңды күші жоқ. Алайда осыған қарамастан салық органы салық төлеушілерден жер салығы үшін жоғары мөлшерлемеде ақы алып отырған", - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Мәслихат депутаттарының шешімдері 5 мың жер пайдаланушыға тікелей әсер еткен. Олардың арасында 400-ден астам кәсіпкер бар.

"Прокуратураның бастамасы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен артық төленген соманы салық төлеушілерге қайтару жөнінде шаралар қабылданып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.