Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: pixabay.com
Маңғыстау облысында 23 қыркүйекте сағат 13:30 шамасында полиция басқармасының "102" кезекші пультіне шақырту келіп түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апатын оқиға орнындағы куәгерлер видеоға түсіріп алған.
"Мұнайлы, Басқұдық ауылында баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кеткен. Бұрын бұл жерде жаяу жүргіншілер өтетін жолақ болған, кейін алынып тасталған", - делінген видео сипаттамасында.
Ведомствоның мәліметінше, 19 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
"ВАЗ 21703110" маркалы автокөлік жүргізушісі Мұнайлы ауданындағы тас жолдардың бірінде 26 жастағы әйел мен 4 жасар баланы қағып кетті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, одан кейін олар үйіне жіберілді", -деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметі.