Bugin

Қызылшамен ауырғандардың 70% – вакцина алмаған балалар

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gazetadaily.ru

Жыл басынан бері 8 айда Қазақстанда 3 мыңнан астам адам қызылшамен ауырды. Науқастардың 70% астамы – вакциналанбаған балалар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Әзірге еш мектеп карантинге жабылған жоқ. Жыл басынан бері 8 айда 3 мыңнан астам адам қызылшамен ауырды. Бұл негізінен балалар, әсіресе науқастардың 70%-дан астамы – вакциналанбаған балалар. Қызылша біздің елге шетелден келгенін айттым. Кейбір көрші елдерде, Еуропа елдерінде ауру ошақтары болды. Қазір иммунитеті жоқ вакцина алмаған адамдар ауыруда. Пандемияға дейінгі жылы 13 мыңға жуық адам ауырған. Сондықтан қандай да бір мектептерді жабу үшін карантиндік шараларды қабылдауға негіз жоқ екенін көріп отырмыз", - деді Денсаулық сақтау министрі Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алады, ауру ошақтарында оқшаулау, қызметкерлерді оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Бұл жұмыс жүйелі түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта вакциналар жеткілікті және жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде", - деп толықтырды Ажар Ғиният.