Bugin

Үйлену тойындағы өрттен жүз шақты адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: автор Anna Kester, pexels.com

Иракта үйлену тойындағы өрт салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

CNN басылымының 27 қыркүйекте жазуынша, Ирактың Ниневия провинциясының солтүстік-шығысындағы әл-Хамдания ауданында үйлену тойы кезінде алапат өрт болды.

"Қайғылы оқиғаның себебі отты дұрыс қолданбау болуы мүмкін - тойда отшашулар атылып, көп шам жағылған",- деп атап өтті Ирактың Азаматтық қорғаныс министрлігі.

Өрттің тез таралып, қаза болғандардың көп болуына мерекелік залдың өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін арзан әрі тез тұтанатын материалдармен безендірілуі себеп болған.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61