Bugin

Оралда ер адам көшеде мойнына пышақ тақап, өзіне қол салмақ болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com/ru

Оралда Н.Назарбаев даңғылындағы Юбилейная аялдамасында ер адам тамағына пышақ тақап, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы дереу келгенін мәлімдеді. Полиция қызметкері Жасұлан Баймағамбетов ер адамның назарын аударуға тырысты, осы кезде қызметкер Мұхаммедрасул Рашитов оның қолынан пышақты жұлып алып, ер адамды ұстады.

Ол 39 жастағы Орал қаласының тұрғыны екені анықталды. Ер адам ұзақ уақыт бойы созылмалы аурумен ауыратыны анықталды. Оқиға орнынан пышақ тәркіленді.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.