Bugin

Қарағанды облысында сабаққа бармай жоғалып кеткен қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com/ru

Деректерге сай Қарқаралы аудандық ішкі істер бөліміне тұрғын 29 қыркүйек күні сағат 23:40 шамасында хабарласып қызының жоғалғанын айтқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Анасының айтуынша қыз түстен кейін сабаққа кетіп, үйіне сағат 19.00-де қайтуы керек болған.

"Бірақ қыз үйіне оралмаған. Дабыл қаққан әйел қызын өзі іздей бастағанымен, іздестіру нәтиже бермеген. Әйел полицияға қызы жоғалып кеткеннен кейін бес сағатқа кешігіп хабарласқан", - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүкіл полиция бөлімі іздестіру шарасын жүргізді. Полицейлер жоғалған қыздың сабаққа бармай, күні бойы құрбысымен бірге болғанын анықтады. Ал сағат 19.00-де оқушы қыз үйіне құрбысынан кеткен, содан кейін оны ешкім көрмеген.

"Жедел іздестіру топтары әр үйді аралап, жертөлелерді, шатырларды, кәріз құдықтарын тексерді. Бір жарым сағаттан кейін қыз аман-есен табылды. Ол үйге жаяу келе жатқанын, бірақ жолда қатты жаңбыр жауа бастағанын айтты. Жауында қалмас үшін домбыра ескерткішіндегі қуыста күткен. Сол жерде жайғасып, ұйықтап қалған", - деп қосты полиция.

Дәрігерлер тексеріп, психологпен сөйлескеннен кейін бала анасына қайтарылды. Мектеп оқушысының анасына қатысты облыстық ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.