Bugin

12 жастағы бала құтырма аурудан көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gov.kz

Қырғызстанның Ош қаласында 12 жасар бала құтырма ауруынан мерт болды. Туыстары баланы дәрігерлерге дереу апармаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Turmush.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ит 12 жасар баланы шілде айында тістеп алған. 20 қыркүйекте бала су қорқатын деңгейге жеткенде ауруханаға жеткізілді. Екі күннен кейін ол қаза тапты.

"Бізге қалалық ауруханадан гидрофобия жағдайын тіркеу туралы ақпарат келіп түсті. Тексеріп, оның құтырма ауруы екенін анықтадық. Бала профилактикаға уақытылы келмегендіктен, ауру асқына бастады. Баланы өздігінен үйде емдеген. 22 қыркүйекте ол мерт болды", – деді Ош қалалық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау орталығының аурулардың алдын алу бөлімінің бастығы Музафар Ахмедов.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі құтырма – адам мен жануарлардың аса қауіпті өлімге әкелетін жұқпалы ауру екенін еске салды.

Ведомствоның хабарлауынша, инфекция адамдар мен жануарларға сілекей арқылы жұғатынын айтты.