Bugin

Павлодар тұрғыны танысын өлтіргені үшін 10 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com/ru

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтірді деген 31 жастағы күдіктінің 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"2 қаңтар күні Павлодардағы полицияның кезекші бөліміне тұрғыны өзі келді. Ер адам 2022 жылғы қыркүйектің ортасында өзінің 59 жастағы танысын өлтіргенін хабарлады. Ер адам сол күні өзі тұрып жатқан үйде алкоголь ішіп, танысы екеуінің арасында жанжал шыққан кезде оны тұншықтырып өлтіргенін айтты. Мәйітті өзі тұрған үйдің ауласына көмген", - деді  Павлодар облысының полиция департаменті.

Бұл факт тіркелді, тергеушілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Қажетті тергеу шараларын өткізгеннен кейін қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.