Bugin

Әйелдерді өксітіп жылататын жаңа терапия пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: astanatv.kz

Қазір әйелдердің өксігін шығаратын жаңа терапия пайда болған, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Ондай арт-терапевтердің бірі "клиентін" шегеге тұрғызып шерін тарқатса, енді бірі сәби секілді құндақтап, бесік жырын айтып тербетеді. Керек десең, жатырдың ішіне оралып, ананың алақанын сезе аласың.

Арт-терапевтер сізді дәл осылай орап, бесік жырымен әлдилейді. Керек десең, бөтелкемен сүт береді. Жыласаң жұбатады, анаң секілді құшағына басады. Осы арқылы болмаған балалықты сезінуге болады – дейді.

Мамандар тек балалық шаққа оралтпайды. Керек десең, өлгендермен тілдестіреді. Періштелерді жерге түсіріп, бетпе-бет кездесу ұйымдастырады. 

"Қандай да бір өткендегі блоктар болса, кедергілер болса, осы өміріңізде соны шешу арқылы өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгертіге болады. Даже аурулардың да себептерін анықтауға болады"-дейді терапевт Айдана Сағынғали.

Терапияға, көбінесе, қыз-келіншектер қатысады. Өйткені қазір әйелдерде энергия аз, - дейді психологтар. Бұл қызметке өмірде өз орынын таппай, өзгеге тәуелді болғандар көп жүгінетінін айтады.

Мұндай тренингтердің бәрі бірдей адамға пайдасын тигізбейді.