Bugin

Қазақстанда қай облыстың тұрғындары алаяқтарға жиі алданады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті алаяқтарға жиі алданып қалатын облыстардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың төмендегені байқалады. Осы қылмыстың саны жағынан Алматы қаласы бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда – Астана мен Қарағанды облысы.

Алаяқтық көп жасалған аймақтар:

Алматы қаласы - 6742,

Астана қаласы - 5358,

Қарағанды облысы - 2590,

Шымкент қаласы - 1921,

Алматы – 1836,

Ақтөбе -1334,

Атырау -1319,

Қостанай -1311,

Павлодар -1244,

Шығыс Қазақстан облысы -1243.

Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шеккен. Олардың басым бөлігі әйелдер – 19 020 адам. Алданғандардың ішінде кәмелетке толмаған балалар (102), колледж бен жоғарғы оқу орындарының студенттері (291), зейнеткерлер (1714) мен мүгедектер (8) бар.