Bugin

23 жастағы қазақ баласы әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

23 жастағы Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

FIDE әлемдік рейтингінде Сүлейменов 528-ші орында, ал Карлсон бірінші орында.

Сүлейменов Павлодарда туған. Былтыр шахмат Олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.