Bugin

23 жастағы жігіті пышақтаған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:pexels.com

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 23 жасар жігіт пышақтап кеткен 15 жастағы қыздың жағдайы ауыр. Бұл туралы Жамбыл аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Құрбанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, жарақат алған науқасқа шұғыл ота жасалды. Оқушы қыздың бауырының оң жағы, асқазан, іш майы тамырлары қатты зақымдалған. 


«Аралас жарақатқа және операцияның ауырлығына байланысты, науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағаланады. Қазір қызды хирургиялық бөлімге ауыстырдық. Сол жерде ары қарай тиісті ем-домын қабылдайды», - деді бөлім меңгеруші Тимур Құрбанбаев. 


Айта кетейік, Жамбыл облыстық полиция бөліміне 12 қазан күні таңғы 06:00 шамасында 15 жастағы мектеп оқушысының ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Жедел іздеу  жұмыстары барысында құқық қорғау қызметкерлері 23 жастағы күдікті жас жігітті ұстаған. Оқиға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.