Weekend

Бақытты болудың құпиясы

Бақыт

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Кішкентай қыз бақшада серуендеп жүріп бір көбелекті көреді. Көбелек тікенді гүлдің арасына кіріп, ұша алмай тұр екен. Қыз көбелекті бар ынта-ықыласымен тікеннің арасынан алып шығады. Әлгі көбелек сол сәтте әдемі бір періге айналады да: "Сенің үлкен жүрегің мен мейірімің үшін бір тілегіңді орындайын" – дейді.

Қыз біраз ойланып: "Бақытты болғым келеді" – дейді. Пері "Жарайды" деп қыздың құлағына әлденені сыбырлайды.

Жылдар өтіп, қыз есейеді. Өзін жер бетіндегі ең бақытты адамдай сезінеді. Бәрі одан бақытты болудың құпиясын сұрайды. Ол сәл жымиып: 

– Бар құпиям – кішкентай кезімде періні тыңдағаным" – дейді.

Жасы ұлғайып қартайған кезде көршілері келіп: "Пері саған не дегенін айтшы. Бақытты болудың кілті өзіңмен бірге кетпесін" – деп жалбарына сұрайды.

Көздері мейірім төккен кемпір күлімдеп: "Пері маған жас болсын, кәрі болсын, бай болсын, кедей болсын, адам біткеннің бәрі мейірімге мұқтаж, демек оларға сен керексің" – деді. Әлемге мейірім мен жылу сыйлай алатынымды білу – мені әрдайым бақытты етті" – депті.