Bugin

Қазақстанның бұрынғы әділет министрінің ұсталғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанның бұрынғы әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады. Бұл туралы bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді”, - делінген антикор хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жарияланбайды.