Bugin

2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында  қазақстандықтар жаңа туған нәрестелерге қандай есімдерді жиі таңдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұлттық статистика басқармасының мәліметі бойынша 2023 жылы ең танымал 10 ер адамның есімі:

Әлихан – 2848;
Омар – 2362;
Айсұлтан – 2268;
Әмір – 2162;
Алдияр – 2035;
Мұхаммед – 1928.;
Алан - 1900;
Әли – 1768 ;
Нұрислам – 1549;
Хамза – 1468 .


Ең танымал 10 әйел адам есімі келесідей:

Мәдина – 5307;
Айша – 4390;
Асылым – 4139;
Айлин - 4063;
Раяна – 3019;
Томирис - 2877;
Сафия – 2719;
Әмина – 2471;
Айым – 2312;
Аяла - 2279.


Соңғы айларда ұлдар арасында Мұстафа мен Ахмет есімдері, қыздар арасында Хадиша есімдері үздік жиырмалыққа енді.