Bugin

Газада Қазақстан азаматы қызымен қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: stihi.ru

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газада тұрған Қазақстан азаматының қаза болғанын растады, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"2023 жылдың 22 қазанында Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Өкінішке қарай онымен бірге Палестина азаматы болған 23 жастағы қызы да көз жұмды", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әйел Газа секторында күйеуімен – Палестина азаматымен бірге ұзақ уақыт тұрған.

Газаның орыстілді тұрғынының қаза болғаны туралы ақпарат бір күн бұрын БАҚ-та жарияланды. Марқұмның кім екені Ресей Сыртқы істер министрлігіне хабарланды.