Bugin

Қателіктер болды. Оны ұмытпаймыз - Тоқаев

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазақта "Егемен елдің еңсесі биік" деген сөз бар. Азаттықпен бірге ұлттың рухы көтерілді. Халқымыз көптеген табысқа жетті. Тәуелсіздік жылдарын біздің халқымыз абыроймен жүріп өткен дара жол деуге болады. Осы кезеңде біз қуатты әрі жауапты мемлекет ретінде қалыптастық, елдігіміздің тұғырын нығайттық. Көк туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, көрші елдермен сындарлы келіссөз жүргізіп, шекарамызды біржола шегендедік.

"Соның арқасында шынайы достық шекарасы қалыптасты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз еттік. Мемлекетіміздің жетістіктерін қаперден шығармай, үнемі айтып жүру керек. Өйткені оның бәрі – Қазақстанның шынайы егемендігінің жемісі. Сонымен бірге, әрине, қателіктер де болды. Оны ұмытпаған жөн. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін одан қорытынды жасалуға тиіс", - деді Тоқаев.