Bugin

Қостанай облысында ит аулаған ер адам тұрғындарды шошытты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pixabay

Қостанай облысының тұрғыны қаңғыбас иттерді өлтіріп жүргендерді видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай News Ұзынкөл ауданының тұрғыны бетперде тағып, иттерді мылтығымен атып жүрген ер адамның видеосын бөліскенін жазады. Видеода оқ тиген ит те бірден жан тапсырмай, біраз уақытқа дейін бұралып қиналып жатады. Сонымен қатар видеодан ветеринарлық станцияның көлігі де байқалады. Инспекция қызметкері итті атуға рұқсаты бар екенін айтады.

Алайда жергілікті волонтерлар жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы қолданыстағы заң бұл өңірде мүлде сақталмағанын атап өтті. Адамдар мен балалардың көзінше, комиссия рұқсатынсыз иттерді ату заң бұзушылық екенін, қаңғыбас жануарларды зарарсыздандыру, аулау және вакцинациялау жүйесінің кемшіліктерін де атап көрсетті.