Bugin

Доллар бағамы 6 теңгеге арзандады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Freepik

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы.

KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бір теңгеге шаққанда 5,80 төмендеп, 470,30 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 қазандағы ресми бағамы долларға 476,28 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы 470,63 теңгені, сату 473,80 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,87 теңгеден сатып алынып, 473,96 теңгеден сатылып жатыр.