Bugin
Фото: Ақорда
Желіде Тоқаевтың жалған видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Facebook-те ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым азаматтарға арналған жаңа Ton жобасы туралы баяндаған бейнеролик тарап жатыр. Ол кәсіпкер Павел Дуров туралы айтады. Алайда бұл видео фейк болып шықты.
"Бұл видео дыбысталған. Бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы мамырда "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" ұранымен өткен II Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінің жазбасы", - деп хабарлады stopfake.
Онда Ton жобасы туралы айтылмайды.
Алаяқтар Павел Дуровтың есімі мен Ton криптовалютасының атауын Желіде кем дегенде 5 жылдан бері қолданылып келеді. Олар жарнамаға жауап берген адамдарды акцияларға немесе криптовалюталарға инвестиция салуға шақырып, көрсетілген шотқа ақша аударуды ұсынады.
Олай болса, ҚР азаматтарына арналған жаңа жоба туралы видео – фейк.