Bugin

Костенко шахтасынан соңғы кеншінің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Pixabay

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі 30 қазан күні таңертең табылды. Іздестіру жұмысы аяқталды, деп хабарлайды  Bugin.kz  порталы.

"Соңғы болып біздің әкеміз табылды, ол 35 жылдан астам шахтер болып жұмыс істеді", - дейді Сергей Киселевтің балалары.

Мәйіті табылмаған соңғы кеншіні іздеу түні бойы жалғасты. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметтері қаза тапқан кеншілердің соңғысы табылды деген ақпаратты әзірге ресми растаған жоқ.

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен жедел штаб жұмыс істейді, делінген хабарламада.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні – 02:33-те болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалды, іздеу тәулік бойы жалғасты. Бастапқыда төрт адам қайтыс болды деп хабарланғанымен, құрбандардың нақты саны әлдеқайда көп болып шықты. Табылған 43 мәйіттің сегізі жер бетіне шығарылды, тек 5-еуі ғана анықталды.

ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 

Қоғамдық көліктің жаңа бағыты қосылды

Жамбыл облысында әкімдік шенеунігі бюджеттің 5 миллион теңгесін жымқырған