Bugin

"Абайла, қызым!": Желіде қаза болған кеншінің соңғы бейнежазбасы тарады – ВИДЕО

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фотоколлаж: Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза болған кенші Ақынжан Орақбаевтың соңғы бейнежазбасы тарады. Видеоны журналист Айсұлтан Жақыпов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеодан қаза болған кенші Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы "Қызым, саған айтамын" термесін айтып, қызына өсиет қалдырған.

"Марқұм Ақынжан Орақбаевтың соңғы жүктеген видеосы. Соңында қызы қалды. Келіншегінің аяғы ауыр екен... Марқұмның жаны жаннатта шалқысын", – деп жазады журналист.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жарылыс болып, 46 кенші қаза тапты.

Қазақстан Президенті Тоқаев "АрселорМиттал Теміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз