Bugin

Екібастұзда 13 жыл іздеуде жүрген 67 жастағы әйел ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: polisia.kz

Павлодарлық жедел уәкілдер 13 жыл бойы іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, жергілікті полицейлер 67 жастағы әйелді ұстаған. Ол алаяқтық жасағаны үшін бірнеше жыл бойы қашып жүрген. 2006 жылы Алматы қаласында кәсіпкер ханым мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеймін деген қызметін ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған. Күдіктінің уәделерінен әбден көңілі қалған жәбірленуші шыдамы таусылып, полицияға жүгінген. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен.

"Күдікті іздестірілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер Екібастұз қаласында күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында", – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Басқарма мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында. Тек осы жылы Павлодарлық құқық қопғау қызметкерлері 126 қылмыскердің үстінен іс қозғаған.

"Сот пен жауапкершіліктен қашудың мағынасы жоқ. Қашқындар ұсталмаймыз деп ойлап,  өз қалалары мен елдерінен тыс жерде жасырынып жүрсе де, олар жасаған әрекеттері үшін  жауап беруі керек", – деп атап өтті полиция.