Bugin

Тоқаев Палестинаға қатысты өз шешімін жариялады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: un.org

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсететін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

Мемлекет басшысының айтуынша, медиацияның рөлін арттыру – кезек күттірмейтін міндет.

"Қазір біздің айналамызда күрделі жағдай қалыптасып отыр. Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қақтығыс жалғасып жатыр. Ауғанстанда тұрақсыздық жалғасуда. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып барады. Бүгінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар мен қарттар қақтығыстың құрбанына айналып отыр. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басты міндет. Осыған байланысты мен Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдадым", - деді Тоқаев.

Президент ондаған жыл бойы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттер арқылы шешуге мүлдем жол берілмейтінін айтты. 

"Қазақстан мұндай әдістерді үзілді-кесілді айыптайды. Жағдайдың шиеленісуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты біз кез келген қақтығыстарды тек бейбіт келіссөздер мен дипломатиялық диалог арқылы шешуге шақырамыз. Біз үшін барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығының сақталғаны керек. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын орындау және халықаралық құқық нормаларын сақтау өте маңызды", - деді Мемлекет басшысы.